Жұмыстан босатылғанда оның басқа бөліміне қайта жұмысқа кіре аламын ба?

Жұмыс орны.jpg

Сұрақ: Мен, жоғарғы оқу орнында программист лауазымында жұмыс атқарып жүрген болатынмын. ҚР Еңбек кодекснің 52 бабы негізінде (жұмыста болмағаным үшін) жұмыстан босатылдым. Енді сол мекеменің басқа бөліміне жұмысқа кіре аламын ба және еңбек кітапшама жазылғаны жұмысқа қабылданбауыма негіз бола ала ма?

Жауап: Қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес, еңбек кітапшасына ҚР Еңбек кодексінің 52 бабы 1 тармағы 8 тармақшасы бойынша жұмыстан босатылу туралы жазылғаны жұмысқа қабылданбауға негіз бола алмайды.

Сонымен қатар, аталған Кодекстің 23 бабы 1 тармағының 1 тармақашасына сәйкес жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне құқығы бар. Сондықтан, Сізді еңбек кітапшаңыздағы жазбаға байланысты жұмысқа қабылдау немесе қабылдамау жұмыс берушінің құзыретіндегі мәселе.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үкаша ата музейі ашылды
  • Қайырымдылық қоры қуаныш сыйлады
  • «Баламекенде» 100 отбасы қоныс тойын тойлауда
  • Түріктер туризмді дамытуды қолға алмақ
  • Түркия Түркістанға инвестиция салмақ
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика