Декреттен соң 1 ставка сақталмай, орнына 0,25 берді. Осы заңды ма?

Oinet.kz 08-11-2019 810

Декреттік демалыс.jpg

Сұрақ: Мен қалалық көпсалалы колледжде жұмыс жасаймын бала тууға байланысты декреттік демалыс алдым. Үш жылдан соң 1 ставкадағы жұмыс орным сақталмай 0,25 ставкада штаттың қысқартылу сылтауымен қайта қабылданудамын. Осы қаншалықты заңды?

Жауап: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 100-бабының 3 тармағына сәйкес, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында жұмыскердің жұмыс орны(лауазымы) сақталады. Бұл тұрғыда жұмыс беруші тарапынан Сіздің жұмыс орныңыз сақталуы тиіс.

Еңбек демалысына кеткен кезде уақытша міндетін атқарушыға еңбекақы төлене ме?
Жұмыстан босатылғанда оның басқа бөліміне қайта жұмысқа кіре аламын ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу