Жұмыстан өз еркіммен шықсам маған тиесілі төлемдер төлене ме?

Oinet.kz 08-11-2019 962

Жұмыс жалақы.jpg

Сұрақ: Жылдық кезекті еңбек демалысына шықпай, жұмыстан өз еркіммен шықсам маған тиесілі төлемдер төлене ме?

Жауап: ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 49 бабы 5) тармақшасында жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға (өз еркімен) болады деп көрсетілген.

Осыған байланысты Кодекстің 113 бабы 4 тармағында еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі делінген. Сондықтан, жұмыс беруші Сізге еңбек шарты тоқтатылған кезде тиесілі төлемдерді беруге міндетті.

Жұмыстан босатылғанда оның басқа бөліміне қайта жұмысқа кіре аламын ба?
Декретке шыққан соң орныма басқа адамды жұмысқа алды. Заңды ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу