Мимикалық әжім бойынша адамның мінезін таны

Уақыт өте біз, әлбетте, қартаямыз. Және сол қартаюдың алғашқы белгілері – әжімдер. Терісі құрғақ, арық адамдарға, әсіресе, мимикалық әжім ерте түседі. «Көп күле берме, бетіңе әжім түседі» дегенді барлық қыз-келіншектер естіген болар. Расымен, мимикалық әжім кейбір адамдарда өте ерте пайда болуы мүмкін. Ол үшін 25 немесе 30 жастан асу міндетті емес.
Психологтардың айтуынша, бетке түскен сызық адамның денсаулығы, мінез-құлқы туралы сыр шерте алады екен. Яғни, әжімге қарап отырып, адам мінезін тануға болады. Олай болса, назар салып көрелік.
Маңдайдағы мимикалық әжім
- Маңдайдағы доғал тәріздес әжімдер адамның ақылды екендігін білдіреді. 
- Үзік-үзік көлдеңен орналасқан әжімдер бір істі аяғына дейін дұрыс жеткізбейтін адамда болады. Оған қоса бұл әжімдер өсекке жақын жандарда да кездесіп жатады. 
- Тігінен орналасқан әжімі бар адам көрсеңіз – мінезі ашық, мейірімді жан екендігіне күмәніңіз болмасын. 
- Екі қастың ортасындағы доғал тәріздес әжімдер – ұялшақ және өз өзіне сенімсіз адамды білдіреді. 
- Кеңсірікке әжім түсуі ісі алға баспай, мазасы кеткен адамға тән болады. 
- Ал жалпақ маңдайлы адамның кеңсірігіндегі әжім оның ақылды, діттеген мақсатына жете алатындығын сипаттайды. Онымен қоса бұл — аналитикалық ойлай алудың, жалпы зияткерліктің белгісі. 
- Кеңсіріктегі қисық сызық орынсыз қызғаншақтарда кездесіп жатады. 
- Алайда, мінезден бұрын қуығы мен бүйрегі ауыратын адамдарға әжім бірден кеңсірікке түсетінін байқауға болады. 
- Қастың үстінде шетке қарай орналасып, жоғары бағытталған әжім иесіне сенуге болмайды. Кез-келген жерде «жау арасында» тастап кетуі мүмкін. 
- Бірақ қастың үстінде көлдеңен орналасқан әжімі бар адам көрсеңіз, оның адал және сенімді адам екендігін біле жүріңіз. 
Көз айналасындағы мимикалық әжімдер
- Көз қиығында орналасқан әжімдер есте сақтау қабілетінің жоғары екендігін және зейін ұшқырлығын білдереді. 
- Олардың бағытталуына байланысты екі адам типін анықтауға болады. Егер әжім жоғары бағытталса, оның иесі — көңілді жайсаң мінезді, төмен бағытталса – сенімсіз, пессемист, мазасыз болғаны. 
- Денсаулық тарапынан қарайтын болсақ, көз қиығында орналасқан әжімдер өт пен асқазанның бұзылуы жайында белгі беруі мүмкін. Оған қоса, көзі нашар көретін адамдарда бұл жерге әжім көзін сығырайта бергеннен түсуі мүмкін. 
- Көз астындағы ұсақ мимикалық әжімдер таң қала беруден шаршамайтын аданың белгісі. 
- Олар тым көп болған жағдайда адамның ағзасында дәрумендер жетіспейтіндігін және ұйқысыздық мазалайтынын аңғару қиын емес. 
- Ұсақ детальдарға дейін назар аударатын адамдардың көз айналасында доғал тәріздес әжім пайда болады. 
- Қас пен көздің арасындағы әжімдер жүректі дәрігерге қарату қажеттелігін білдіреді. 
Ауыз манайында орналасқан әжімдер
- Ерінге жақын жоғары бағытталған мимикалық әжімдер адамның позитивті, әрдайым көңілі көтеріңкі екендігін білдіреді. Ал төмен бағытталған әжімдер – ортаға, өзіне көңілі толмайтын, пессимистік көзқарас иесіне тән. 
- Өздерін жалғыз сезінетін, ұяң, кез-келген ортада ашылуы қиын жандарда ауыз маңайына әжім тез түседі. 
- Ал мұрын мен ерінді жалғастырып түсетін әжім өмірде көп қиындық көрген, көңілі қалған адамдарда болады. 
- Жоғары ерін үстіндегі тігінен орналасқан әжімдер гармоналдық ақаудың барын немесе гинекологқа көріну керектігін аңғартады. 
Дереккөз: arular.kz

 
  
  
 




