Атаңнан бота емес бата қалсын!

Oinet.kz 23-10-2019 652

Screenshot_20.jpg

Келес ауданының Мәдениет үйінде Тұңғыш Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Атаң берген ақ бата» атты баталы қариялар байқауы өтті. Байқаудың  мақсаты -  ел арасынан батагөй, аузы дуалы қарияларды іздестіріп жарыққа шығару. Өскелең ұрпаққа батаның тәрбиелік мәнін насихаттау, әдет-ғұрпымызды дамытуға, ұмытыла бастаған бата беру дәстүрін жаңғырту. Ежелден данагөй халқымыз: Атаңнан бота емес, Бата қалсын, -деп ұрпақ тәрбиесінде батаның маңыздылығын түсіндірген. 

Бүгінгі өткен сайысқа ауданның әр округінен 15 батагөй, аузы дуалы қариялар қатысып, өскелең ұрпаққа батаның қазақ тұрмысындағы ерекше орны мен қасиетін дәріптеп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Салтанатты сайысқа келген Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев жарысқа қатысып жатқан батагөй қарияларымызға алғысын айтып, өскелең жас ұрпақтың тәрбиесіне сіздердей салт-дәстүрімізді, кешегі өткен бабаларымыздың қалдырған өсиетін бүгінге жеткізуші алтын көпір екендігін айта келе, дендеріне саулық, өмірлеріне бақ береке тіледі. Байқаудың әділ бағасын беретін әділ қазы алқасы да өңірімізеге еңбегі сіңген, ардақты азаматтар құралған топ бағасын берді. Олар: Аудандық қоғамдық шығармашылықтың жетекшісі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Рысбеков Бердалы, Абай ауылы әкімшілігінің ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі Есімханов Сапархан, Абай ауылы әкімшілігінің ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі Жанқараев Жүсіп, Республикаға белгілі жырау, термеші Бөріханов Абылай сынды саңылақтар қазылық жасады. Бауқаудың ережелері мен таныс болған қариялар кезегімен өздерін таныстырып, баталарын айтып, қазақ халқының салт- дәстүрінен, ұмыт бола бастаған әдет-ғұрыптар: салт-дәстүр, әдет –ғұрып, ырым –тиымдары сынды сұрақтарға жауап беріп, жиынға қатысқан жұртшылықты рухани азықтандырды деуге келеді. Жиын соңында жүлделі орын алған қарияларға аудан басшысы естелік сыйлықтармен марапаттаса, байқауға қатысқан қарттарымыз да ұйымдастырушылар тарапынан естелік кәде-сыйлар табысталды.


Қарабатыр тұғырға қонды
Орталық стадион жаңартылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу