Орталық стадион жаңартылуда

Oinet.kz 23-10-2019 587

Screenshot_21.jpg

Осы аптада Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев аудан орталығында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асып жатқан орталық стадионның құрылысы барысымен танысты. Аудандық баспасөз қызметі мамандарының айтуынша биылғы жылы аталған бағдарлама аясында Келес ауданында 25 нысан іске асырылу жоспарланған болса, соның біреуі орталық алаң болып табылады. 

Бүгінгі таңда аудандық Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанынан құрылған №1 Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміне қарайтын спорт комплексі құрылысы «Қуат Құрылыс» ЖШС тарапынан қарқынды жүруде. Құрылыс жұмыстары басты жүріп жатқан тұсы көрермендер отыратын секторлардың төбесі жабылатын құрылғылар орнатылып, арнайы жарық шамдары қойылады. Сонымен қатар үлкен алаң жанынан үсті жабық заманауи үлгіде кіші футбол алаңының да құрылысы қатар жүруде. Дене шынықтыру жаттығуларына арналған арнайы street workout құрылғылары орнатылуы жұмыстары да қарқын алған. Қазан айының соңына аяқталуы жоспарланған спорт алаңы түнгі мезгілде шұғылданатын азаматтар үшін арнайы жарықшамдар қойылады. Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан аудан басшысы тиісті мердігер мекемеге, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі, спортпен шұғылданатын азаматтарға ыңғайлы етіп жасауды және көрермендер отыратын орындықтардың артына жайғасқан суағарды дұрыстап жасауын айтты. Сонымен қатар спорт алаңының көзге көрінетін тұсына жастарды спортқа баулитын спорт тақырыбындағы көрнекі суреттерді сызу керек екенін айтып, жарық шамдардың сапалысын орнатып, болашақта қолайсыздықтар тудырмауын тапсырды.


Атаңнан бота емес бата қалсын!
Түркістанды салуға барлық өңір қатысып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу