Халықтың ойымен бөлісті

Oinet.kz 23-10-2019 600

Screenshot_5.jpg    

Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов мақталы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан тұрғындары және мемлекеттік қызметшілердің көтерген мәселелерімен танысты.

Мамандардың дерегінше облыстың прокуроры мен департамент басшысы ең алдымен Атакент кентіндегі №14 колледжде қоғамдық қабылдау өткізді. Жиынға облыстық полиция департаментінің басқарма басшысы Бауыржан Зиятаев, аудан әкімі Бақыт Асанов, аудан прокуроры Жұмағали Ботабеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадыр Сәрсекбаев, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалының басшысы Нұргүл Әбдіразақовалар қатысты.

Қабылдауда болған азаматтар негізінен ауыз су, газ, жол және мақта шаруашылығына қатысты, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы мәселелер көтерді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметкерлерге жағдай жасау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша да ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, қабылдауда болғандар аудандағы қоғамдық-саяси ахуал, әлеуметтік мәселелер төңірегінде өздерінің ойларымен бөлісті.

Облыстың прокуроры мен департамент басшысы көтерілген мәселелерді мұқият тыңдап, айтылған әрбір мәселе бойынша заң аясында түсіндірмелер берді. Сондай-ақ, аудан әкімі Б.Асанов бақылауға алынған мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Қоғамдық қабылдаудан соң басшылар Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің "Атамекен" кедендік бекетіне барып, нысанның жұмыс барысымен танысты. Бұған дейін көрші елге өтпекші болған жүк көліктері кедендік бекет маңында кептеліске ұшырап, жол қатынасын қиындата түскен еді. Мәселені шешу үшін аудан әкімдігі тарапынан кедендік бекеттің аймағын көріктендіру, көгалдандыру, кеңейту жоспары жасалған болатын. Атап айтқанда, шекара маңынан сауда логистикалық орталығын құру, оның ішінде сауда базарлары, қонақ үй, автотұрақ, қоймалар, тұрғын үйлер мен түрлі спорттық алаңшаларды салу көзделген болатын. Қазіргі таңда автотұрақ пайдалануға берілген.

Айта кетейік, Атакент кентінде өткен қоғамдық қабылдау аудан орталығы Мырзакент кентінде де жалғасын тауып, аудан тұрғындары өздерінің мұң-мұқтаждарын жеткізді. Сонымен қатар, жиынның соңында мақталы өлкеге арнайы келіп аудан тұрғындарының мәселерінің шешілуіне белсене атсалысқаны үшін аудан әкімі Б.Асанов Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерекелік медалімен облыс прокуроры Н.Әбдіровті марапаттады


Үкаша ата музейі ашылды
Балдырғандар велосипедке отырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу