Балдырғандар велосипедке отырды

Oinet.kz 23-10-2019 595

Screenshot_8.jpg

Сарыағашта ерекше спорттық жарыс өтті. Велоспортты ұнататын балдырған үшін ауданда алғаш рет облыс көлемінде «Балдырған» веложарысы ұйымдастырылды.  Веложарыс 3-6 жас аралығындағы балабақша тәрбиеленушілері арасында өтті. Жарысқа Сарыағаш ауданы және Сайрам ауданының бүлдіршіндері, жалпы 12 балабақшадан 50 тәрбиеленушілер қатысып, сайыс ережеге сәйкес жас ерекшелігіне байланысты 2 түрлі велосипедпен ұл және қыз балалар арасында 100 метр қашықтықта өткізілді. Жарыстың соңында жеңімпаздар анықталып, 1-орынды Сарыағаш ауданы №4 бөбекжай балабақшасы, 2-орынды Сайрам ауданы «Ырысалы апа» бөбекжай балабақшасы, 3-орынды Сарыағаш ауданы №5 түзету үлгісіндегі санаторлық балабақшасы иеленді. Жарыс жеңімпаздарына дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл спорттық жарыстың мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалысын дамыта отырып, ептілігі мен шапшаңдығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

Сонымен қатар, 1-орынды иеленген №4 бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндеріне 2019 жылдың 1-3 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін Республикалық жарысқа жолдама берілді.


Халықтың ойымен бөлісті
Түркістан гүлдене түседі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу