Кенеден қалай қорғануға болады?

Oinet.kz 04-03-2019 1616

Көктемнің шуақты күнінде барлығымыз табиғат аясына шығып, демалып, күнделікті күйбең тіршілікті бір сәтке ұмытып, бала-шағамызбен демалып келуге асығамыз. Көп адамдар тауға немесе ормандарға маевкаға шығып жатады. Олардың көбісі демалыста еркінсіп, табиғат аясына шығудағы қауіпсіздікті сақтамайды. Табиғат аясына шыққанда ең алғашқы адамға зиян келтіруші, ол кене. Көктем айларынада кенелер өте көп болады. Олардың адамдарға зияны өте күшті. Сондықтан табиғат аясына шыққанда кенеден қорғану шараларын жүргізу керек. Кене шаққан жағдайда адам сал, немесе кей кездерде өлімгеде алып келеді. Осы жағдайларды ескере отырып, кенеден қорғанудың мынадай тәсілдерін ұсынамын.

Screenshot_4.jpg

Қорғану тәсілдері:

1. Жабық киім – бұл кенеге қарсы ең үздік қорғаныс болып табылады. Барлық денеңіз жабық болуы тиіс, шалбарыңыз шұлықпен тығыз орналасуы тиіс. Шашыңыз ұзын болса оны шляпаның астына жасыруыңыз тиіс. Бас киіміңіз міндетті түрде болуы керек. Аяғыңызға қонышы ұзын резеңке етік кигеніңіз абзал, ол кенелердің аяғыңызға кіріп кетуінен сақтайды.

2. Шөп және бұталары көп жермен жүрмеген абзал. Мүмкіндігінше таза жолмен жүруге тырысыңыз. Себебі, бұталармен шөптердің арасы кенелердің сүйікті ортасы болып табылады.

3. Табиғат аясындағы серуеннен кейін, бүкіл киіміңізді шешіп, қағып тастаңыз. Денеңізді тексеріңіз. Әсіресе, терісі нәзік жерлерді. Шашыңызды 1-2 рет тараңыз. Денеңізде кене жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

4. Кенеден қорғанатын заттарды пайдаланыңыз. Мейлінше мамыр және маусым айларында табиғат аясына шықпағаныңыз дұрыс болады. Кенелер таңертең және кешке өте белсенді болады. Күндіз олардың белсенділігі төмендейді, олар сондай-ақ жаңбыр мен жылуды ұнатпайды. Мұндай ауа-райы жағдайында олар көп шабуылдамайды.

Кенеге қарсы заттар:

Табиғат аясында кенеден қорғану үшін дұрыс киініп қана қоймай, сонымен қатар арнайы құралдарды пайдаланғанымыз жөн.

Репелленттер – маса, кене, шыбын т.б. жәндіктерден қорғайтын арнайы құралы. Оларды киімге қолданады. Олардың иісі кенелерді денеге жолатпайды. Бұл кұралды қолданғаннан кейін, денеңізге жабысқан кене жансызданып, түсіп қалады. Бұл құралыды теріге себуге болмайды. Киіміңізді шешіп, содан соң қолданып кебуін күтіп, кию керек. Аэрозоль түрінде қолжетімді.

Демалысыңыз қызықты әрі қауіпсіз болып өтсін!

Дайындаған: Сайтбеков Әбдімәлік

Дереккөз : anabol.kz

Араның шаққаны да шипа
Бір реттік медициналық масканы қолдану ережесі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу