Ернар Айдар. Қайрат Нұртас. Ел екеуін неге көп салыстырады?

Oinet.kz 20-02-2014 1560

Екі әншінің де талантына шөкімдей шүбәміз жоқ. Қазақстандық «KazMuz.uCoz.com» сайты екеуінің суретін қатар беріп, халыққа «қайсысы мықты?» деген сауал тастапты. Ойларын ортаға салған жастар екіге бөлініп алғандай біреулері  «Қайраттың дауысындай дауыс жоқ, болашақта әлем жұлдыздарының арасынан көреміз» деп мақтаса,  енді бірі Қайраттың «авторитеті» өшіп жатыр, ал Ернардың аты «аңызға» айналады» деп  мақтауын айға асырып  жарыса жазыпты.

43ae31364532fe609d689e449d74e195.jpg

Жас жігіттерді жарыстырып қояйын деген ойдан аулақпын. Дей тұрғанымен, Ернар Айдар Қайратқа көбірек еліктейтінін жоққа шығармайтын шығар. 

«Жарығым-ай» әнімен сахнаға аяқ басқан жас әнші Ернар Айдардың соңғы уақытта әндері талғамы биік тыңдарманның  көңілінен шығып, хитке айналып жатқандығына келісетіндер көп шығар.  Қазақ эстрадасында өзіндік орны қалыптасып келе жатқан Ернар жайлы бір концертте «Шаншар» театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов «бір ғана әнімен «звезда» болғысы келген Ернар 2 жылдың ішінде 20 шақты ән жаздырып, бір-екеуі хитке айналыпты» деп аздаған жарнама жасағаны бар еді. Расында да ол аз уақыттың ішінде өз аудиториясын қалыптастырып, еліміздің бірнеше өңірінде жеке шығармашылық концертін өткізіп тастады.

a4d362bbf25ed13edd2e6718ea1fa51a.jpg

Неге екенін қайдам,  Ернар Айдарды жылына бірнеше рет концерт беруден шаршамайтын Қайрат Нұртасқа ұқсатушылар көп. Әрине, бекер емес. Біріншіден Ернардың репертуарының 90 пайызы махаббат әндерінен құралған. Ал әзілкеш жастардың тілімен айтсақ «Қайраттың махаббат әндеріне тебіренген  қыздардың көз жасымен бір ауылды ауыз сумен қамтамасыз етуге болады».  «Әншілердің барлығы махаббат әндерін айтады, бұл жерден ешқандай ұқсастық көріп тұрғыным жоқ» деуіңіз әбден мүмкін. Әңгіме әндерінің әуендік ұқсастықтарында және құдай бере салған көршіміз қырғыздың әнін шырқауға құмарлықтарында болып тұр. Ернар тіпті бір концертінде Қайраттың шырқауындағы «Күзгі қайың» әнінде орындап шықты.  Талғамдарына талас тудырмайтын тыңдармандар байқаған болса соңғы кездері Ернардың киіну стилі де Қайраттан айнымай барады. Мәселен Қайрат  капитанның шеніне ұқсас костюммен елдің алдына талай рет шықты. Ернар да осы дизайнға өте ұқсас костюммен сахнаға бірнеше рет жарқырап шықты. Қайраттың фанаттары ұйықтаса да көзінен тастамайтын көзілдірікке әбден еттері үйренген.  Қазақтың қарапайым қара домалақ баласы Ернар да тыңдармандарын көзілдірікке үйретейін деді ме, сахнаға қара көзілдірікпен көп шығатын болыпты. Мұны келесі бір ұқсастық деңіз. 

Досым туған күн тойлауға қарсы
Денис Тен: Алыста жүріп жақындарымды, елімді сағынамын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу