Ер баланы тәрбиелеудегі он кеңес

Oinet.kz 11-03-2019 2263

643-1476223446-f7b76a5b54.jpg

Қазақ  халқы ұл баланың  тәрбиесіне қашан да үлкен көңіл бөлген. Ұл балаға жүйелі  тәрбие  беру үшін,  оның бойына ұлттық сананы сіңіру  керек. Ендеше психологтың кеңесіне құлақ асыңыздар:

 Әкенің тәрбиесі - ұл бала үшін  маңызды. Жауапкершілікті  сезініп, перзентіңіздің санасына жақсы дүниелерді сіңіре біліңіз және  еңбекке баулыңыз.

  1. Ұл бала анасына жақын демекші,  ұлыңыздың өтпелі кезеңдегі мінез-құлқына түсіністікпен қараңыз.

  2. Жақсы көрген қызы болса ақыл айтыңыз, ұрысып мазасын алмаңыз.

  3. Кімді дос тұтып жүр, не көріп, не тыңдап жүргенін байқаңыз.

  4. Жанына демеу болатындай өсиет әңгімелер айтыңыз.

  5. Жаны жабырқаса, құшақтаңыз еркелетіңіз. Ұл баланың табиғаты- сенгіш келеді.

  6. Туған-туыстың көзінше айғайлап ұрысудың қажеті жоқ. Бала өскенде қырсық,  әлжуаз, кінәмшіл болып өседі.

  7. Қай мамандықты қаласа соны таңдасын.

  8. Еңбекке көбірек араластырыңыз,  сіздердің қадірлеріңізді түсінетін болады.

  9. Мақтаншақ болмасын десеңіз тағы да еңбекке баулыңыз. Қазақтың батыр ұлдарын жиі айтыңыз, ұлттық құндылықтарды біле жүрсін.

 Дереккөз : anabol.kz

Анаға қажет кеңестер!
Ғаламтор арқылы жігітті өзіне қалай қызықтыруға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу