Бір отамен екі өмірді құтқарды

Oinet.kz 27-04-2020 554

Screenshot_8.png

Шымкенттік дәрігерлер күрделі ота жасап, жүкті әйелді сәбиімен бірге аман алып қалды. Ота №1 қалалық клиникалық аурухана базасында өткен.

№1 қалалық клиникалық ауруханасының хирургы Сәбит Байтеміровтың жетекшілігімен 28-апталық жүктіліктегі әйелге ота жасалған. Операция барысында хирургтар жүкті келіншектің ішіндегі бір уыс құртты хирургиялық жолмен алып шықты. Медицина мамандары күрделі отаны үш сағаттан аса жасаған. Аман қалған азаматша қазір дәрігерлердің қарауында. Дәрігерлер жүкті келіншекке жасалған ота кезінде тәуекелге барғандарын жасырмайды. Себебі шаранамен бірге пайда болған іштегі құрт бауырдың жанына біткен соң, жарылып кету қаупі жоғары болатын, дейді мамандар. Бірақ сәтті жасалған операцияның арқасында қауіп алдын алып, ана мен баланың өмірі аман қалды.

Айта кетейік, ішінде эхинококк кистасы бар жүкті келіншекке Алматы қаласындағы А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықта күрделі ота жасау қажет болған. Алайда елімізде енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты, ішінде шаранасы бар әйелге  ота үшінші мегаполисте жасалған. Тәуекелге толы операцияны шымкенттік ақ халаттылар сәтті жасап шықты. 

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, қазір пациенттің жағдайы қанағаттанарлық және жүктілігі асқынусыз өтуде.


Қаулы өзгерді
Тәжвирусқа дес бермеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу