Тәжвирусқа дес бермеді

Oinet.kz 20-04-2020 546

Screenshot_9.png  

Әлемде коронавирусқа шалдыққандардың саны өсіп отырғанымен ауруды жеңіп шыққандар да аз емес.  Шымкент қаласында коронавирусқа шалдыққан бір науқас интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Дәрігерлер науқастың жағдайы жақсарғанын атап өтті және енді қарқынды терапияны қажет етпейді деп санайды.

Жалпы Қазақстан Республикасында барлығы 6 пациент реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылды: Алматы қаласында - 2 адам, Қарағанды облысында - 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте 8 сәуірде – 3, 9 сәуірде – 4 жағдай тіркелді.

Бұл науқастардың барлығы вирус анықталған 48 жасар азаматша мен 26 жасар азаматтың тығыз байланыста болғандар.

Аталған науқастар стационарлық карантинде медициналық қызметкерлердің бақылауында болған. Инфекцияны анықтау бойынша жүргізілген зертханалық тексеруден COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсетті. Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, барлығына бекітілген хаттамаларға сәйкес қажетті ем жүргізілуде.

Ауруға шалдыққандар арасында: 2 және 14 жастағы 2 бала мен 23-55 жас аралығындағы 5 адам бар. Осы азаматтармен байланыста болған 81 адам оқшауланып, медициналық бақылауға алынды.

Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, карантинге жабылды.

Шымкент қаласы бойынша қосымша 3 ошақ тіркелді. Олар: «Солтүстік-Батыс» шағынауданындағы Үшқиян көшесі, «Қайтпас-1» шағынауданындағы Алтай көшесі және Сайрам тұрғын алабындағы Әл-Фараби көшесі.

Қазіргі таңда, Шымкент қаласында жалпы коронавирус инфекциясына шалдыққан 27 жағдай тіркелген.


Бір отамен екі өмірді құтқарды
Дәрігерлерге үстемақы төленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу