Үйді жайлы мекенге айналдыратын 10 кеңес

Oinet.kz 12-04-2019 1087

image_l (22).jpg

Қаражат мәселесі тапшы болғандықтан, көп тұрғын жалдамалы пәтерде тұруға мәжбүр. Оның үстіне елімізде үй тым қымбат. Ал ол пәтердің иесі тек таза болуын ғана қадағалауға тырысады. Әдетте қабырғасы тек аппақ болады. Егер осындай көңіл-күйді түсіретін интерьерден арылып, сәл бояу қосқыңыз келсе, төмендегі кеңеске назар аударыңыз. 1. Аппақ керегеге түрлі-түсті суреті бар жапсырманы орналастыруға болады. Мұндай стикер керегені былғамайды. Оны керегемен қатар, шкафқа, киім қоятын сөреге, кафель мен тоңазытқышқа жапсыруға болады. 2. Пәтер берушінің заттарын толығымен өзгертуге болмайды. 

Сондықтан жиһаз бен жастықтың сыртын жарқын түсті матамен қаптаңыз. 3. Ал әдеттегі шамның орнына кітап оқуға арналғанын пайдаланыңыз. Олардың бағасы да қолжетімді. 4. Бұдан өзге үйдің ішін өткен өміріңіздің естелігімен толықтыруға болады. Жақсы көретін суретіңізді керегеге іліп қойыңыз. 5. Үй гүлдері жанға жайлылық сыйлайды. Олар раушан немесе кактус болуы да мүмкін. Әрі денсаулыққа да пайдасы бар. 6. Ал шкафтың сырты мен дәліздің керегесіне магнит тақтайша іліп, отбасы мүшелеріне арналған хабарлама жазыңыздар. 7. Басқа бөлмелерді өзіңізге ұнаған стильде өңдеуге болады. Түрлі формадағы айна, кілем, киім ілгішті қолдануды ұмытпаңыз. 8. Перде де үйге ерекше сән беріп тұрады. Сондықтан перде мен төсек жапқышын жаңартыңыз. Дастарқан мен орындық көрпешесін ауыстырыңыз. 9. Ал жуынатын бөлмеде сабын салғыш пен щетканың ыдысын жаңартыңыз. Ұйқы жылдам ашылу үшін ашық түсті пайдаланған жөн. 10. Жиһазды жаңасымен толықтырыңыз. Осылайша үйіңізді жайлы мекенге айналдыруға болады.
Дереккөз: massaget.kz

Қазақша мата атаулары мен түрлері
Есікті кім ашады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу