Интернеттің адамды жалғыз сезіндіруінің 5 себебі

Oinet.kz 22-04-2019 845

image_l (13).jpg

Соңғы жылдары әлемнің кез келген нүктесіндегі адаммен байланысу мүмкіндігі артып келеді. Интернет чатқа жазуға, топпен араласуға, кімге болса да хат жазуға мүмкіндік береді. Мобильді телефондардың шығуы адамдардың үйде емес кезде де сөйлесуін қамтамасыз етті.

 Сөйлесу, араласу жылдам әрі оңай бола түсті. Бірақ зерттеу нәтижелері бойынша, шамамен адамдардың тең жартысы өздерін жалғыз сезініп, өзіне қоғамнан алшақ өмір сүріп жатырғандай көрінеді екен. Адамдардың өзін осылай сезінуінің себебі неде? 1. Жеңіл-желпі қатынас Нақты жағдайлар мен мәселені талқылаусыз достық немесе романтикалық қатынас құру мүмкін емес. 

Алайда, әлеуметтік желілерде бәрі басқаша. Бұл жерде шындықты жасырып, өміріңізді жағымды етіп көрсету қалыпты болып саналады. Адам орын алып жатқан нәрсенің орнына тек жетістіктерімен, демалысымен және тамағымен бөліседі. Әдемі етіп көрсету қажеттілігі қатынасты жеңіл-желпі ете түседі. Маңызды сұрақты талқыламай, виртуалды достардың ортасында өзіңізді жалғыз сезіну оңай. 2. Экран алдында ұзақ отыру басқаның сезімін түсінуге кедергі келтіреді Балаға қатысты бұл сұрақ баяғыда зерттеліп, дәлелденіп қойған. Адам сәби кезінен бастап-ақ, басқа адамның бетіне қарап, оның сезімін көре алады. Ал гаджетте көп отыратын балалар бұл қабілетін жоғалта бастайды. Зерттеу бойынша, балалар гаджеттен 5 күн демалғаннан кейін бұл қабілетті қайтадан үйрене бастаған. Бұл жағдай ересектерде де орын алады екен. 

Себебі, смайликтермен сөйлесу шынайы өмірдегіге қарағанда оңайырақ. Біз адамның бетіне қарап отырып, оның іс-қимылын байқап, ол туралы көп нәрсе айта аламыз. Бірақ, егер адам әрдайым экран алдында отырса, бұл қабілетті жоғалта бастайды. 3. Саны емес, сапасы маңызды Адамның қаншалықты виртуалды досы көп болса, ол соншалықты жиі күйзелісте болатындығы дәлелденген. Сондықтан 500 виртуалды досыңыз болғанша, шын 5 досыңыз болса, ол сіздің психологиялық денсаулығыңызға да жақсы. 4. Смартфон шынайы қатынасқа кедергі келтіреді Қазір кафеде немесе асханада бір-бірімен сөйлесіп отырғандар азайып, смартфон экранына үңіліп отырғандар көбеюде. Мысалы, ініңізбен сөйлесіп отырсаңыз, ол әңгімені үзіп, телефондағы хатқа жауап беріп отырады. Кей адамдар досының әңгімесін тыңдап отырғандай күй көрсетіп, өзі әлеуметтік желідегі адамның суреттерін қарап отырады. Мұның барлығы қатынасқа кері әсерін береді. Адамдар күніне 20-75 рет хабарламаны тексереді екен. 

Адамның жасы кіші болған сайын хабарламаны көбірек тексереді. Оларға жылдам лентаны бір тексеріп, қасында отырған адамнан гөрі басқалардың немен шұғылданып жатырғанын білген қызық. 5. Қашықтықтан жұмыс істеу жағдайды нашарлатады Интернет адамдарға үйден жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оның бір жағынан, жақсы болғанымен, басқа жағынан қарасақ, ол басқа адамдармен сөйлесуін, араласуын азайтады. Сол себепті адам өзін көп жағдайда жалғыз сезінеді.
Дереккөз: massaget.kz

Қыз бала тұрмысқа шығарда...
Қынаның шашқа әсері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу