«Sandyq» - гастрономиялық туризмді қолға алған мейрамхана

Oinet.kz 31-03-2021 1695

Screenshot_20.png

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында гастрономиялық туризм жайында айтылған. Гастрономиялық туризм – ТМД елдерінде өте тез өрістеп келе жатқан туризм болып табылады. Қазақстанның гастрономиялық туризмді дамытуда әлеуеті бар. Қазақстанның кулинария (гастрономия) тарихы жалпықазақстандық қоғамның дамуы және қалыптасуы тарихымен тығыз байланысты.

Бағдарлама аясында отандық кулинарияның пайда болу тарихының бастауы көшпенді өркениет мәдениеті мен тұрмысынан алынды, осыған байланысты қазақтың ұлттық тағамдары негізінде ұзақ орын ауыстыруға қабілетті жануарлар түрлерінен ет тағамдарын шебер әзірлеу жатыр. 

Шымкентте «Сандық» мейрамханасы бар. Жуырда ғана ашылған мейрамханаға Шымкентке ат басын бұрған барша қонақ кіріп, дәм татады. «Sandyq» дәстүрлі қазақ тағамдарының бірегей гастрономиялық жобасын жасады. Мейрамхана өз қонақтарына қазақтың ұлттық тағамдарының ұмытылған тағамдарын ұсынады. Қазақстанның әр түкпірінен жиналған көшпенділер тағамдарының ерекше рецептері. Қазақ халқының ерекше тұрмыстық жағдайы тағам дайындау мәдениеті мен оның тағамдық құндылығына қойылатын белгілі бір талаптарды талап етті. Сондықтан бірнеше ай бойы ең талантты аспазшылар мен ғалымдар тағамдардың дәмін және олардың эстетикасын үйлесімділікке келтіріп, оларды заманауи жағдайларға және дәмдік талғамға толық бейімдеді.


Шымкент - атыраулық саяхатшы-журналистерді тәнті етті
Медициналық туризмді дамыту үшін атақты нейрохирург Шымкентке келді!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу