Медициналық туризмді дамыту үшін атақты нейрохирург Шымкентке келді!

Oinet.kz 31-03-2021 757

Screenshot_21.png

 Үшінші мегаполисте медицина туризмі қарқынды дамитын болады. Себебі, дарынды дәрігер, қолы алтын нейрохирург Мынжылқы Бердіқожаев Шымкентке келді! Қала әкімдігі медицина туризміне де көп көңіл бөліп отыр. Санаулы жылдардан соң халықтың көбі Шымкентке келіп емделетін болады. Қазір мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы Шымкентте 1000 төсекорындық суперзаманауи, сервисі 5 жұлдызды қонақүйдей аурухана салу бойынша жумыстар жүргізілуде. Іске қосылған соң, Түркия немесе Кореяға емделуге баратындар аттың басын Шымқалаға бұратын болады.

Бердіқожаев атақты "Совминканың" нейрохирургия бөлімінің жетекшісі. Мыңжылқыны бүкіл Қазақстаннан іздеп келеді. Консультациясына кезекке тұрады. Тіпті бір- бірінен естіп Қырғызстан мен Өзбекстаннан да науқастар Мыңжылқыны іздеп келеді. Шетелдіктерге жасалған әр отасы 20 мың долларға бағаланады. 

«Қазақстанның 100 жаңа есімі-2018» жобасының жеңімпаздарының қатарына енген Мынжылқы Бердіқожаев 2006 жылы «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаты болды, Ресей, Санкт-Петербург қаласындағы С.М.Киров атындағы Әскери-медициналық академиясының клиникалық ординатурасына оқуға түседі. Ординатураны сәтті аяқтаған соң, Астанаға келіп қайтадан ашылып жатқан Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталықта эндоваскулярлық нейрохирург болып мансабын бастады.

Мыңжылқы Сайлауұлы тұрақты түрде халықаралық конференцияларда дәріс оқиды, шет елдерге көрсететін мастер-класстарға белсенді түрде атсалысып, қатысады. Денсаулық сақтаудың магистрі және докторанты болып табылады. Әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, пікірді түрде заманауи технологияның негізінде емделушілерге кеңес беріп отырады. Талантты, емделушілерге мұқият әрі жауапты, әріптестерінің ортасында құрметке ие, отбасында үйдің үлгілі басшысы, әлемдік деңгейде мойындатқан нейрохирург.


«Sandyq» - гастрономиялық туризмді қолға алған мейрамхана
Ретро-автокөліктер мұражайы тұрғындарды шақырады!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу