Ретро-автокөліктер мұражайы тұрғындарды шақырады!

Oinet.kz 31-03-2021 1393

Screenshot_22.png

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына қаламыздың алғашқы «Retro Garage» ретро-автокөлік мұражайы ұсынылды. «Retro Garage» - бұл автокөлік тарихымен танысуға және сирек кездесетін автокөлік маркаларын көруге тамаша мүмкіндік. Мұражайға қойылған әрбір данасы бойынша «Retro Garage» топбының мұқият жұмысы жүргізілген. Шеберлер иелері сыныққа жіберген машиналарға да екінші өмір сыйлай алды. Мұражайда қойылған ретро арулар фильмдерге, жарнамаларға, клиптерге түсірілген. 

“Шымкент қаласы туризм басқармасының  «Shymkent Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы” КММ  және  “Экология өлкетану және туризм орталығы” КММ бірлесе түзілген іс-шаралар жоспарына сәйкес аталған   Туризм орталығының оқушыларына Шымкент қаласындағы  «Ретро Автомобильдер» мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп жасындағы 12 бала қатысты жетекшілерімен қатысты.

Балалар мұражайдың 26  экспонатымен танысты . Солардың бірі “Газ М2” сериялы автокөлігі зауыттан бар жоғы 1100 дана болып шыққан. Көліктің жылдамдығы сағатына 120 шақырым. Музейдің маңызды ерекшеліктерінің бірі — мұндағы көліктердің барлығы дерлік жүруге жарамды.

Музейде тек жеңіл көлік қана емес, мотоциклдер де бар. Көліктердің барлығы Кеңес Одағы кезінде шығарылған. 1991 жылдан кейін шығарылған көлік мұнда жоқ. Қаланың барлық тұрғындары кеңестік автомобиль өндірісінің мақтаныштарын өз көздерімен көруге шақырады.

Жұмыс уақыты: 10: 00-ден 19: 00-ге дейін, сейсенбі - жексенбі; Дүйсенбі - демалыс күні.

Кіру: ересектер - 700 теңге, оқушылар мен студенттер - 500 теңге.

7 жасқа дейінгі балалар мен зейнеткерлер - ақысыз.

Байланыс: +7 708 478 47 35


Медициналық туризмді дамыту үшін атақты нейрохирург Шымкентке келді!
Туризмді дамытуға блогерлердің де үлесі зор
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу