Туризмді дамытуға блогерлердің де үлесі зор

Oinet.kz 31-03-2021 647

Screenshot_23.png

Бүгінде қолыңызда ұялы телефон мен интернет желісі бар болса, дем арасында танымал блогер атануға болады. Блогтың да сан түрі бар. Біреуі үй-жайын көрсетсе, екіншілері ішіп, жегенін әлеуметтік желіге жариялап жатады. Осылайша түрлі бағытта видео, вайндар түсіреді. Жуырда Шымкентке белгілі саяхатшы блогерлер  Асет және Мухаббат Мурзабаева келді. Олардың мақсаты – ішкі туризмді дамытуға үлес қосу болатын. Себебі, бұған дейін де еліміздің өзге қалаларында саяхаттап, олардың мәдениеті мен ерекшеліктерін өз оқырмандарымен бөлісіп жүретін. 

Қос саяхатшы блогер ең алдымен «SHYMKENT TOURISM CENTER» ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫна барады. Сол жердегі мамандардың көмегінің нәтижесінде үшінші мегаполисті өзге де қалалардан ерекшелеп тұратын ескерткіштері мен демалатын мекендері туралы жөн сұрайды.

Сонымен олардың ең алғашқы нысаны  - Бәйдібек Би ескерткіші болды. Шырайлы Шымкенттің солтүстік бөлігінде «еліміздегі ең биік ескерткіш» мәртебесіне ие еңселі Бәйдібек би ескерткіші орнатылған. Бәйдібек Қарашаұлы елдің бірігуі мен тұтастығын сақтауда үлкен рөл атқарған, әрі қазіргі таңда Қазақстан тарихында аса маңызды орын алған  тұлға ретінде танымал. Зәулім монумент биіктігі 220 метрге, ал мүсін биіктігі 10 метрге тең. Оның төстабанын ескере отырып, бұл мемориалды құрылысты әлемдегі ең биік ескерткіштер қатарына  жатқызуға болады.

Одан кейін Қызыр пайғамбар мұнарасына жолға шықты. Шымкент қаласында, Сайрамсу өзенінің бойында орналасқан. Мұнара Х ғасырда тұрғызылған. Мұнарадан оңтүстікке қарай үш жарым шақырымға созылатын жер асты жолы бар. 

Сонымен қатар, Қарашаш Ана – Айша кесенелеріне зиярат етіп, нағыз Шымкенттің 2200 жылдығынан хабардар ететін Цитадельге барып қайтты. Дендросаябақта серуендеп, ұлттық тағамдардың отаны «Сандық» мейрамханасын да өз оқырмандарына таныстырды. 

Жалпы нағыз пайдалы блогтардың бірі – саяхат. Пайдалы дүние түсіріп ішкі туризмді дамытуды көздеген  Асет және Мухаббат көпке үлгі.


Ретро-автокөліктер мұражайы тұрғындарды шақырады!
Шымкент пен Түркістан арасында туризмдік меморандум әзірленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу