Шымкент пен Түркістан арасында туризмдік меморандум әзірленді

Oinet.kz 29-03-2021 614

Screenshot_24.png

Шымкент үшінші мегаполиске, Түркістан облыс орталығына айналды. Әрине, осы уақыт аралығында қос қала ерекше гүлденді. Әрбір қаланың өзіндік маңызы бар секілді қонақ болып келушілерге арнайы туристік нысандар жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда қос қалада да туристік орталық бар. Атына заты сай нысанда дәл сол қаланы түрлі бағытта тануға мүмкіндік беретін карталар орналасқан. 

Шымкент-Түркістан ішкі туризмді дамыту, оның әлеуетін арттыру, әрі туристтерге тартымды ету- бүгінгі күннің басты талаптарының бірі.

Осы ретте үшінші мегаполистегі туристік орталықтың қызметкерлері іссапармен Түркістан қаласының Visit Turkestan орталығында болып қайтты.

«Ең бірінші мақсатымыз жаңадан жұмысын бастаған екі жақтың Туристік ақпарат орталық қызметкерлері бір-бірі мен танысу, тәжірибе алмасып, бірлесе жұмыс жасау. Visit Turkestan басшысы Ерасыл Төлебаев Түркістанның жаңа әсем ғимараттарына жүргізген экскурсиясы өте әсерлі болды», - дейді «SHYMKENT TOURISM CENTER» туристік ақпараттық орталығының қызметкері.

Сонымен қатар Түркістандағы орталық өздерінің жұмыс орны, идеялары мен таныстырып, жаңалықтармен бөлісті.

Кездесу барысында Шымкент қаласы, Түркістан облысы және қаласы арасында үш жақты меморандум әзірленді.


Туризмді дамытуға блогерлердің де үлесі зор
Сауықтыру орталығы креативті туризмді қолдайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу