Цитадель – туристер арнайы іздеп келетін нысанға айналады

Oinet.kz 01-04-2021 897

Аким Габидулла Абдрахимов: «Цитадель для Шымкента, как Колизей для Рима» —  OTYRAR

2025 жылға дейін Шымкентке баратын туристердің саны бір миллионға жуықтайды. Және Шымкент қаласының 2200 жылдығынан хабар беретін Цитадель қалашығы биыл құрылысы аяқталып, қала көркіне айналады. Бұл туралы салаға жауапты мамандар мәлімдеді. Үшінші мегаполисте арнайы жоспар түзіліп, 4 бағыт бойынша жұмыс атқарылады. Сондай-ақ ашық аспан астындағы мұражайдың құрылыс жұмысын жуық арада бітіріп, ішкі туризмді дамытуды мықтап қолға алу жоспарланған.

Биыл Шымкент қаласының орталығында орналасқан Цитадельдегі жөндеу жұмыстары аяқталады деген жоспар бар. Бүгінде ауа райының қолайсыздығына байланысты қазба жұмыстары өкінішке орай, тоқтап тұр. Көлемі  гектарды алып жатқан Цитадель үш бөліктен тұрады. Жоғарғы жағында басқарушы тап өкілдері жайғасқан болса, одан кейін уәзірлер, төменгі жағында қарапайым халық өмір сүрген.

Айта кетейік, бұл қалашық 2019 жылы ЮНЕСКО-ның ерекше тартымды туристік орталығы ретінде тіркелген. Шымкенттің 2200 жылдығының тарихын дәлелдейтін бірден-бір мекен – Цитадель қалашығы болып табылады. 

629 жылы біздің Оңтүстік өңірінен Қытайдың буддист-монахы Индияға сапарында Шымкенттен өткен. Шымкенттің сол замандағы атауы Нуджикент болған. Сол кісінің жазбаларында Шымкент өте құнарлы жер, сулы, бұл жерде өте көп жеміс-жидек өседі. Және жүзімі өте дәмді екен деп атап өткен, - дейді Туристік ақпараттық орталығының жобалау менеджері Гүлнәр Бекмұратова 


Сауықтыру орталығы креативті туризмді қолдайды
Туристік орталықта онлайн саяхат жасауға мүмкіндік бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу