Туристік орталықта онлайн саяхат жасауға мүмкіндік бар

Oinet.kz 01-04-2021 759

Screenshot_5.jpg

Үшінші мегаполисте жуырда ғана ашылған «Shymkent Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы бүгінде жұмысы алға басып, туристер мен қала тұрғындарына күнделікті көмегін көрсетуде.

Ең бастысы Шымкент шаһардың туристік әлеуетін еліміздің өзге де қалаларына және шетелге таныстыруда. Орталық сәйкесінше жаңа технологиялармен қамтамсыз етілген.Виар көзілдірігі көне шаһардың тарихына үңіліп, онлайн саяхат жасауға мүмкіндік  береді. 

Туристік орталықта арнайы интеративтік тақта орналасқан. Мұнда қаладағы барлық туристік обьектілер туралы ақпараттар алуға болады. Қазіргі таңда бізде 20 нысан енгізілген.  Сонымен қатар, visitshymkent.kz деген сайтымыз бар. сол жерге кез-келген азамат кіріп, қаламыз жайлы ақпарат ала алады. Және біз ұйымдастырып жатқан іс-шараларға шақырту алады. Ол шақыртулар ақылы болса өздерінің арнайы карточкаларымен сатып алуға болады. Онлайн жүйее барлық нысандарды сол жерде қараңыздар, - дейді Туристік ақпараттық орталық басшысы Айдарәлі Раманов. 

Расымен де, туристер үшін бүгінде мүмкіндік көп. Яғни, туристік орталықтың арнайы сайтында ҚР туризм саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында «Қолайлы туристік ахуал құру»міндеті бойынша барлық ақпараттар жазылған. 


Цитадель – туристер арнайы іздеп келетін нысанға айналады
2025 жылға дейін туристік сала едәуір дамиды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу