Аяжан Еділованың өліміне қатысты басты сот отырысы басталды

Oinet.kz 09-11-2021 867

Алматыда биыл наурыз айында жоғалып кетіп, бірнеше күннен кейін денесі Алатау ауданындағы пәтерлердің бірінен табылған Аяжан Еділованың өліміне қатысты басты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Сот отырысы бүгін, 2021 жылдың 9 қарашасында сағат 10:00-де басталды. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, істі судья Майшинов қарап жатыр. Процесс онлайн форматта бірақ жабық режимде өтеді. Бұған дейін Аяжан Еділованы аяусыз өлтірді деп айыпталған ер адам іс бойынша алдын ала тыңдауда алқабилер сотынан бас тартқан болатын.

Нұрболхан Шарап: «Ал қазақ дайын бол!»
Әйелі төрт баласымен тастап кеткен еркек мұңын шақты (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу