Медицина өнімдерін шығаратын зауыт 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр

Oinet.kz 18-11-2022 310

Screenshot_13.jpg

Түркістан қаласында орналасқан «Фараб» зауыты қазіргі таңда 96 түрлі медициналық өнім шығарады. Ол республика көлемінде кеңінен тарап жатыр. «Фараб» комбинатының басшысы ретінде танымал болған Абдурасул Құрбанәлиев бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр.

"Сайлауалды бағдарламамда елге, халыққа қолымнан келгенше көмектесуге уәде берген болатынбыз. Бүгінгі таңда барынша соны орындауға кірісіп жатырмыз. Жаңа ғана айтып өттім. Бүкіл облыстың диқандарына қажетті қаржыны желтоқсанда шешетін еткеніміздің өзі үлкен қызмет. Мен осы күрделі мәселені  бастағанымда, құдай аузыма салған шығар, ақырына жеткізбей тынбаймын деп өзіме уәде бердім. Әйтеуір, «Ақжол» партиясы мен «Атамекен» ҰКП біріге отырып кіріскендігінің нәтижесінде оң шешімін тапты.  Бұйырса, биылғы желтоқсаннан бастап шаруаларға несие берілетін болады.

Бізде қазіргі таңда 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Олардың дені жастар деуге болады. Біз алғаш кәсіпорынды ашқан кезімізде Оңтүстік Кореяға бес адамды жіберіп оқыттық. Олардан жеті маман осында келіп, алты ай бойына біздің жұмысшыларымызға үйретті. Қазіргі таңда бізде ешқандай шетел азаматы жоқ. Тек өзіміздің қала мен осы маңдағы ауылдардың адамдары.

Кәсіпорын ашылғалы бері тығыз жұмыс жасаймыз. Бізге механик, дәнекерлеуші, электрик, бағдарламашы секілді мамандық иелері керек болады. Оқу орындарымен тығыз байланысымыз болғандықтан «Білім саласына қосқан үлесі үшін» деген марапатымыз да бар. Алдағы кешенді жоспарларымыз көп.Оның орындалуын уақыт көрсетеді" - дейді комбинат басшысы.

"Фараб" зауыты медициналық дәкелер шығарады
Түркістанда балаларға арналған медициналық дәкелер шығады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу