Қонақ үйі мен мейрамханысы көп қаланың экономикасы жоғары

Oinet.kz 17-11-2022 225

bfee9843-273b-47b8-ae93-4ce03a2742cc-2.jpg

Қонақ үй мен мейрамханасы көп қаланың болашағынан көп үміт күтуге болады. Яғни қонақ үй мен мейрамханасы көп елге туристер де көп келеді. Тарихы тереңдегі қала деуге әбден болады. Түркістан қаласы өзінің ерекше ескі ғимараттарымен, дәмханаларымен, қонақжайлылығымен ерекшеленеді. Бүгінде қалаға келуші қонақтардың саны күн санап өсіп келеді. Осыған орай қаланың әл ауқаты жақсарып, келген қонақтарға не түрлі қызмет көрсетіледі. Мәселен келген қонақ ең алдымен баратын қонақ үйлер қазірде жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, сұлу қалыпқа енді. Қонақ үй кәсібі де сондықтан шаһармен бірдей ілесіп дамып келеді. Көне Түркістанда келбет беретін осындай ғимараттардың бірі -  Алпамыс қонақ үйі. 

Алпамыс қонақ үйі қаладағы көрнекі жерлердің бірі Қожа Ахмет Ясауи мешітінің маңайында орналасқандықтан болар, бұл жерден турист үзілген емес. Келген турист ең алдымен қаланың гүлденуіне ықпал етеді. Мәселен турист туристік сапарға құр-қол шықпайтыны белгілі, демек ол қалаға қаражат жұмсау арқылы қала экономикасына едәуір үлес қосады.

Алпамыс қонақ үйіне қонақтаған туристер сонымен қатар сол жерден нағыз қазақы тамақтана да алады. Кәсіп басшылығының айтуынша, келген туристер біздің қонақжайлыққа дән риза.

Түркістан қаласын екі бағытта дамытуға болады. Оның бірі туризм болса, кейінгісі кәсіпкерлік. Қаладағы кәсіпкерлердің саны көбейсе, жұмыссыздықтың саны азайып, халықтың тұрмыс-тіршілігі артатыны анық.

Қонақ үй ісі арқылы қала экономикасы қарқын алуда
Қонақ үй кәсібі - тиімді кәсіпкерлік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу