Керуен Сарай – туристердің сүйікті мекеніне айналды

Oinet.kz 05-11-2022 207

Screenshot_1.jpg

Бүгінде Түркістан қаласындағы Керуен сарай – шаһар жастарының ең жиі жиналатын орындарының біріне айналған. Мұнда белгілі бір мерзім сайын қазақстандық эстрада жұлдыздарды халыққа арнап концерт өткізіп тұрады. Өнер саласының майталмандары арнайы кеш береді. Өз кезегінде бұл қала тұрғындарының қызығушылығын оятып, еріксіз сонда жетелейді. Мұнда жақында ғана қазақ жастарының арасында танымал Kalіfarniya, 2RAR, Nazima секілді жас әншілер ән айтып қала жастарын қуанышқа бөледі. Олардың әндерін тыңдау үшін осында келген жастар санында есеп болмады.  

Кешеннің маркетологы Беласар Есенбектің айтуынша, «Керуен Сарай» кәдуілгі кілт пішінінде соғылған. Төбесінен қарасаңыз тап солай. Кілттің ұшы (кешеннен шығып кететін тұсы) Қожа Ахмет Ясауи мавзолейіне барып тіреледі. Яғни, турист сараймен толық танысып болған кезде тарихымыз туралы білім жиып, Ясауи бабамыздың кім болғанынан жеткілікті мағлұмат алады. Сөйтіп, әрі қарай мавзолейді аралауға рухани тұрғыдан дайын болады.

«Кешеннің кіре берісінде және шыға берісінде бесжұлдызды қонақүй орналасқан. Жалпы, кешеннің концепциясы мынадай: адам қыдырып келіп, қонақүйге орналасады, одан кейін су үстіндегі шоуды көреді, ол жерде «Қыз Жібек – Төлеген» фонтан шоуы қойылады. Одан шығып аттар шоуын көру үшін амфитеатрға барады. Одан бөлек түрлі концерттер бар. Сауда жасаймын дегендерге де ерекше жағдай жасалған. «Ұшатын театр» да адамға бұрын-соңды сезінбеген әсер сыйлайды. Бәрін аяқтаған соң мейрамханаға немесе фуд-кортқа барып тамақтана алады. «Керуен Сарай» кешенінің ерекшелігі – ескі тарихымызды жаңа заманауи технологиялармен үйлестіре отырып халыққа жаңа форматта көрсетеді», – дейді ол. 

Түркістанның кәсіпкерліктегі керегесі кең болмақ
Түркістанға көрші облыстардан арнайы келетіндер көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу