Түркістан қаласы тарихи туризмнің орталығына айналды

Oinet.kz 16-11-2022 222

Screenshot_12.jpg

Бүгінде Түркістан қаласы тарихи туризмнің орталығына айналды. Әсіресе, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жаққа барған адам шығыстың ортағасырлық ғажайып шаһарына келгендей күй кешеді. Түркістанда бір кездері уақыт тезіне шыдас бермей немесе түрлі жағдайлармен шөгіп, қираған тарихи нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Туристердің зор қызығушылығын тудырып отырған солардың бірқатарына тоқтала кетсек. 

Мүссәлла қақпасы. ХІХ ғасырда қызмет көрсеткен сәулеттік құрылыстардың бірі. Археологиялық қазба нәтижесінде табылған тарихи-мәдени ескерткіш Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 150 метр қашықтықта орналасқан. 2009-2010 жылдар аралығында қалпыпа келтіру жұмыстары жүргізілді. Биіктігі 9,5 метр, ені 5 метр, жалпы ұзындығы 26 метр. «Мүсәллә» Әзірет Сұлтан кесенесі алдындағы жұма намазын оқитын алаңның атымен аталған. Арабша – «мүсәллә» — аллаға табыну, намаз оқу, ал «мүсаллә ал-ид» — мейрамдарда намаз оқитын жер дегенді білдіреді. 1864 ж, планда Мүсаллә қақпасы сыртынан ормен қоршалған екі мұнаралы қақпа түрінде берілген, ал, 1865 ж. қаланың осы шығыс бұрышын түсірген жоспарда бұл жерде диаметрі 15 метрлік алып мұнара ғана бейнеленген және цитаделдің оңтүстік мұнарасы мен осы мұнара арасын қалың дуалмен өріп қосқаны көрінеді. Мұндай дуалмен цитаделдің солтүстік мұнарасы мен қаланың шығыс беттегі қорған қамалы арасын да қосып, орыс әскери гарнизоны қаладан оқшауланғаны байқалады. 

Мүсәллә қақпасы қиратылып оның шығыс мұнарасы барынша үлкейтілгені көрініп тұр. Сірә, бұл оқ атқан кезде артқа қарай сырғып кететін (откат) үлкен зеңбіректер қою үшін жасалған әрекет сияқты. 2009 жылы жүргізілген қазба жұмыстары қақпаның шығыс мұнарасы астынан 170-220 см тереңдікте орналасқан, қалың лай қабатынан тұратын іргетас бар екендігін көрсетті. Оның сақталған бөлігінің диаметрі аса ірі құрылыстың нобайын көрсетеді. Бұл іргетас 1865 жылғы пландағы орыс гарнизоны қайта салған мұнаранікі екендігі анық. 

Қоқандықтар ХІХ ғасырда салған қақпадан із де қалмаған, дегенмен, 160-170 см тереңдіктен қала қорған қамалы мен тұрғын үйлердің іргелері аршылды. Қақпа сақталмағандықтан Мүсәллә қақпасының орынына цитадел қақпасының көшірмесін тұрғызуға Мәдениет министрлігі мен «Қазқайтажаңғырту» мекемесінің білікті мамандары арнайы шешім қабылдады. Қақпаның мұндай түрі Орта Азия қалаларында көптеп сақталғандығымен белгілі.

Киелі шаһардағы этноауыл - бірегей жоба
Дарбаза қақпасы - тарихи туризмнің бір бөлшегі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу