Қоғамдық келісім – тұрақтылықтың басты айнасы

Oinet.kz 03-04-2023 256

Шымкент  - республикадағы өзіндік айшығы бөлек, тамырын тереңге тартқан көне де заманауи сәулет өнері астасқан жаңа шаһар. Ресми деректер бойынша мегаполисте 1 миллионнан астам халық тұрады. Оның 70 пайызға жуығы қазақтар болса, қалғаны түрлі этнос өкілдерінің үлесінде.

Screenshot_1.jpg

Түрлі себеппен қазақ даласына қоныс аударған сан алуан этностардың бүгінгі ұрпағы болашағын біздің елмен байланыстырып, тату-тәтті өмір сүріп келеді. Осы орайда 70-ден астам этнос пен 17 этномәдени бірлестіктің басын қосқан қалалық ассамблеяның қалтықыз қызметін атап өтуге болады. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті көксеген мемлекеттік саясат арқылы этнос өкілдері қаланың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өміріне етене араласады.  

Айта кету керек, Шымкенттегі 81 елді мекен мен 23  тұрғын алабында этнос өкілдері жинақы қоныстанған. Бұл ретте ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі секілді құрылымдар осы аумақтардағы тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатып, халық пен билік арасында «Алтын көпір» рөлін атқарып келеді. 

Қалалық ассамблеяның құрамында кім бар десек, абыройлы ақсақалдарды, белсенді азаматтарды, этнос көшбасшыларын, білім-ғылым, мәдениет саласындағы таланттарды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін атай аламыз. Жүздеген адамның басын қосқан қоғамдық ұйым шын мәнінде республикадағы саяси реформаларды қолдап, нақты іс-әрекет етуде ешкімнен қалыс қалмаған.

Олай болса, қазіргі таңда қалалық ассамблея мүшелеріне артылған негізгі міндет пен мақсат ол сапалы қызмет және «Достық үйінің» іргесі негізінде қоғамдық бірлік пен тыныштықты сақтауға барынша атсалысу. Бұл ретте аталған нысан қоғамдық жиындар мен түрлі басқосулар өтетін алаңға айналып үлгерді. Және де этнос өкілдерінің мәдени мұраларын көпшілік жақыннан біліп, тануға мүмкіндік алды. Сол үшін арнайы шағын этномузей де ашылған.   

Этнобағыттағы мәдени ұйымдар мен мемлекеттік органдар тұрақты бас қосатын «Достық үйі» жалпыұлттық бірлікті көздейтін тың жобаларды талқылап, ұтымды ұсыныстарды іске асыратын ашық алаңға айналды.   

Ең оңайы бағаны қымбаттата салу ғой деймін
"Бірлік алаңы" бейбітшілік ордасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу