"Жайлы мектеп" жабдықталуымен ерекшеленеді

Oinet.kz 03-04-2023 315

сайт13 фото.jpg


Ресми мәлімет бойынша былтыр жан басына қаржыландыру бағдарламасымен жұмыс істейтін мемлекеттік-жекменшік әріптестігі жүйесімен салынған 41 мектеп пайдалануға берілген еді. Оларда қазір 24 мыңнан астам бала білім алып жатыр. Осы өткен жылы ғана ашылған 41 білім ошағының 34-і таза қазақ тілінде оқытатын мектеп болса, қалған жетеуі аралас мектептер. 

Жалпы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы білім жүйесіндегі мына негізгі мәселелерді шешеді. Ол  – үш ауысымды, апатты мектептер мен ондағы орын тапшылығы, білім ошақтарының өзі мен материалдық-техникалық базаның ескіруі, ауыл мектептерінің қаламен салыстырғанда сапасының төмендігі. Сондықтан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруға қазынадан алдағы екі жылда 2. 6 трлн. теңге бөлінеді. Оған елімізде 842 мың оқушы сиятын 401 мектеп салу көзделген. 

«Жайлы мектеп» аясында бой көтеретін білім нысандарының басты ерекшелігі — оның жабдықталуында. Мамандардың айтуынша, бастауыш және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктар, трансформер-мобильді парталар, трансформациялау мүмкіндігі бар әмбебап акт залы, балаларға арналған жеке шкафтар, оқу-зертханалық құрылғылар, ауыз су бұрқақтары орнатылып, Wi-Fi және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылмақ. Сонымен қатар, компьютермен жабдықталған физика, химия, биология дәрісханалары мен оқу зертханалары, робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар болады.

Жалпы Тәуелсіздік жылдарында Шымкент қаласының білім саласы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Осыдан отыз жыл бұрын қалада 69 мың оқушысы бар 72 мектеп болса, қазір 233 мыңнан аса оқушы оқитын 203 мектеп бар. Биылғы жаңа оқу жылын қала мектептері 233 879 оқушымен бастады. Өткен жылмен салыстырғанда 8 мың оқушыға көп. Оның ішінде 25 мың оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр.

Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептер видео бақылау жүйсімен жабдықталып, турникеттер қойылып, дабыл батырмалары орнатылғанын, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді


Үш ауысымды мектептер жойылады
Жаңа ипподром қала мақтанышы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу