Зорлық-зомбылыққа заң бар

Oinet.kz 27-08-2023 325

Қит етсе болды «ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» деуді қоғам қанға сіңірген. Осылай жыл басынан бері 102 нөміріне тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы екі мыңнан астам хабарлама түскен.

Screenshot_8.jpg

Әйелдерді қорғау мақсатында түрлі мекемелерде, оқу орындарда ақпараттық дәрістер жүргізіліп келеді. Жаза да қатаңдатылды. Десе де, күшін келіншегіне көрсететін ер азаматтар қатары азаяр емес. 

Таяқпен тәртіп орнатамын деу қаншалықты дұрыс? Әйелдер көбіне шаңырақтың шайқалмағанын, отбасының бүтін болғанын, балалардың әкесіз өспегенін қалайды. Алайда, соңы өкінішті жағдайлармен аяқталады. Бұл туралы әлеуметтанушы Рамазан Саттарұлы: «Көбінесе отбасындағы зорлық-зомбылық қарапайым халықтың әлі де кедейшілік деңгейінен аса алмай, жұмыс таба алмай, күнделікті тұрмыстан жалығуынан туындайды. Әйеліне қол көтеріп, зорлық-зомбылық жасайтын азаматтар азаймай тұр. Бұл – біздің қоғам үшін үлкен қасірет. Мұны заңды қатаңдату арқылы ғана жеңе аламыз. Кейбір қазақ әйелдерінің ішінде «ұят болады» деген ұғыммен, шыдап жүре беретіндері де бар. Өкінішке орай, соңы қасіретпен аяқталып жатады», - дейді. 

Қазақстан бойынша қорлыққа көніп жүрген қыз-келіншектер қаншама. Бірі баратын жері жоқтығынан шыдаса, енді бірі күйеуі өзгереді деген үмітпен, отбасын сақтап қаламын деген түйсікпен жақ ашпайды. Алайда, еліміздегі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты заң әйелдердің құқығын қорғау үшін қатаңдатылды. Сондықтан да, қорлық көрген әйелдер арты өкінішпен ұласпай жатып, өз құқығын қорғауға асықса екен. 

Балалар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болмауы тиіс
Ерекше қажеттілігі барларға ерекше күтім керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу