Ерекше қажеттілігі барларға ерекше күтім керек

Oinet.kz 27-08-2023 567

Ерекше қажеттілігі бар адамдардың өз ортасына бейімделуі мен кедергісіз орта қалыптастыру үшін Қызылорда облысы Талсуат ауылындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығында модельді пәтер ашылды. 

Screenshot_9.jpg

Аталған орталықта ем алып жүрген Арал ауданының тұрғыны Файзулла Оңғаров: «Модельді пәтер біз үшін үлкен жаңалық болды. Пәтер ішіндегі құрылғылар көп көмегін тигізіп жатыр. Күтушісіз, қараушысыз-ақ құрылғылар арқылы жұмыс істеп жатырмыз. Іс-қимыл жасауымызға модельді пәтердің көп көмегі тиюде. Мысалы, біз нан кесе алмаймыз, банка аша алмаймыз. Сондай кездерде модельді пәтер ішіндегі құрылғылар барлық жағдайымызды жасап береді. Осы пәтерді жүзеге асырғандарға, орталық қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін. Орталыққа келгелі қимылым ширақ болып жүр», - деді.

Қазіргі таңда орталықта 90 ерекше қажеттілігі бар адамдар ем алуда. Биыл 124 адам толық ем алып шыққан. Ал, орталық ашылғалы бері 9 мыңнан астамы ем алып, оның 900-ден астамы аяққа тұрған. Айта кетейік, «Модельді пәтер» жобасы аясында ашылған шағын үй республика бойынша Қызылорда облысынан бастау алған. 

«Модельді пәтер - БҰҰ-ның министрлікпен бірлескен жобасы. Бұл жобаға республикамыз бойынша екі облыс ғана ұсынылса, соның бірі Қызылорда облысы. Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған. Қызметте сапалы. Ерекше қажеттілігі барларға ерекше күтім керек. Сондықтан, әр мүгедек жанның оңалып кетуіне барымызды саламыз. Модельді пәтер арқылы біздің жұмысымыз жандана түсуде» - дейді орталық директоры Манат Тілеуова.

Зорлық-зомбылыққа заң бар
Ерекше қажеттілігі барлардың келешегі кедергісіз болуы керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу