Ерекше қажеттілігі барлардың келешегі кедергісіз болуы керек

Oinet.kz 28-08-2023 688

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «AMANAT» партиясымен  бірлескен жұмыс аясында «Еуразиялық инклюзивті қоғамды дамыту ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Вячеслав Пак Түркістан облысындағы мүгедек жандармен кездесу өткізді.  Кездесуге облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің төрағалары, ерекше қажеттілігі бар жандар, партия қызметкерлері қатысты. 

Screenshot_10.jpg

Кездесуде қоғамдық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдар   арасында  сапалы және жүйелі жұмыс істеу үшін қолжетімді ортаны үйлестіру бойынша  сараптамалық қауымдастық құру және мүгедектігі бар адамдар үшін жаңа жұмыс орындарын құру мәселесі, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі іс-қимыл алгоритмі талқыланды. Кездесудің басты мақсаты – заңнамаға өзерістер енгізу үшін ұсыныстар жинақтау.

Жалпы, Түркістан облысында 95229 мүгедектігі бар адамдар есепте тұр (облыс халқының 4,5%), немесе жалпы республикадағы мүгедектігі бар адамдардың 14%-ын құрайды. Оның 83 173 ересектер болса, 12 056 мүгедектігі бар балалар. Аудан, қалаларда 43 инватакси қызметі мен 50 әлеуметтік таксилер қызмет көрсетуде. Бұл қызмет түрлері жергілікті бюджеттен қаржыландырылады және мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. 

Қолжетімді орта қалыптастыру туралы: 

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін 2023 жылға әлеуметтік инфрақұрылымның облыс бойынша 776 нысанды (2021ж- 259 нысан, 2022 ж. – 258 нысан, 2023 ж. - 259 нысанды) бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланып, бүгінгі таңда 581 нысан бейімдеу шараларымен қамтылған. (2021 – 2025 жж. 1294 нысан).

Кездесуде облыстағы белсенді мүмкіндігі шексіз жандар өздерінің ұсыныстарын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Республикалық «Қамқор-сыбаға мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Жүсіпов Дүйсенәлі Жұмабекұлы шипажайларда мүгедектігі бар адамдарға тағам таңдауына мүмкіндік берілу керектігін, шипажайларда қол жетімді ортаны қалыптастырып, олардың тек пандуспен шектелмеуіне, басқа да мекемелерде, шипажайларды браиль жүйесінің, шақыру тетігінің, тактильді сары жолақтардың, әжетхана, жуыну бөлмелерінің мүгедектер үшін стандарттық талапқа сәйкестендіруі қажет екендігін атап өтті. 

«Сенім-жүрек» қоғамдық қоры қоғамдық бірлестігінің президенті Тәжібаева Гүлбахира Қалмұханқызы жаңа заман талабына сәйкес жаңа жобалар арқылы жүйелі жұмыс жүргізу керектігіне тоқталды.

 «Шапағат» мүмкіндігі шексіз қоғамдық бірлестігінің президенті Шалтан Еркінбай Керімбайұлы ҚР әлеуметтік кодексіне өзгерістер енгізу қажет екендігін, әрбір уақытымызды бағалауға, мүгедектерге арналған жәрдемақыны көбейту және ЭКО медициналық зертханалық медициналық қызмет көрсету орталықтарында тексерілуге арнайы квоталар көптеп бөлінуі қажет екендігін айтты. 

 Ал, «Дара ұрпақ» қоғамдық қорының директоры Халдарбек Рухабза Рустамқызы Мүгедек балалармен жұмыс жасап отырған аналарға психологиялық қолдау, қоғамда мүмкіндігі шексіз жандарға тең қарау, яғни әлеуметтік желілерде осы мәселені бейне роликтер арқылы қоғамдағы көзқарасты қалыптастыруды жандандыру туралы ұсынысын жеткізді.

Мүмкіндігі шексіз жандардың өзекті мәселелерін шешу бойынша сараптамалық қауымдастықтың Түркістан облысы бойынша үйлестірушілігіне Халдарбек Рухабза Рустамқызының кандидатурасын бірауыздан ұсынды. 

Еуразиялық инклюзивті қоғамды дамыту ассоциациясы  кездесуде айтылған ұсыныстар мен пікірлерді назардан тыс қалдырмай болашақта орындалуына партиямен бірлесе жұмыс атқаратын болып ұйғарды. Қалай десек те, ерекше қажеттілігі бар жандарға ерекше қолдау мен қорғау қажет-ақ. 

Ерекше қажеттілігі барларға ерекше күтім керек
Бала анаға қарап бой түзейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу