Шекарадағы 3 мыңнан астам телім жеке меншікке өтіп кеткен— сенатор Үкіметке сауал жолдады

Oinet.kz 22-01-2026 45

Сенатор Амангелді Нұғманов мемлекеттік шекара маңындағы заңсыздықтарға назар аударып, контрабанданың өршуіне жағдай жасап отырған жер мәселесіне байланысты Үкіметке депутаттық сауал жолдады деп жазады Оinet.kz порталы .

image.png

Сенатордың айтуынша, қолданыстағы заңнамаға қарамастан, шекара белдеуінде орналасқан үш мыңнан астам жер телімі жеке және заңды тұлғалардың иелігінде қалып отыр. Бұл жағдай мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді.

Амангелді Нұғманов аталған учаскелердің барлығы мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, шекараның жекелеген бөліктерінде белдеу енінің тым тар болуы құқық бұзушыларға заңсыз әрекетке еркін жол ашып отыр.

— Жамбыл және Түркістан облыстарында Қырғызстан мен Өзбекстанмен шектесетін аумақтарда шекара белдеуі кей жерлерде 30 метрден аспайды. Мұндай аумақты санаулы минутта кесіп өтуге болады. Бұл жерлер контрабанда үшін таптырмас аймаққа айналған, — деді сенатор.

Осыған байланысты ол шекара белдеуінің енін 1000 метрге дейін ұлғайтып, толыққанды шекаралық инфрақұрылым қалыптастыруды ұсынды. Сонымен қатар, жер заңнамасына өзгеріс енгізу мәселесін Үкімет деңгейінде қарап, оның салдарына кешенді баға беру қажет екенін атап өтті.

Қазақстандықтар Кореядан ақпан соңына дейін ерікті түрде шыға алады
"Бұл 33 жас қайғылы жасым болды-ау". Әнші Qanay жақынынан айырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу