"Бұл 33 жас қайғылы жасым болды-ау". Әнші Qanay жақынынан айырылды

Oinet.kz 22-01-2026 49

Qanay лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанайдың әкесі қайтыс болды. Қаралы ақпаратты өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.  

image.png

"Бұл 33 жас қайғылы жасым болды-ау. Кенже балаңа асықтың ба? Қолымнан келгеннің бәрін істедім, кешірші, әке”, – деп жазды ол.

Әншінің мәліметінше, қазіргі уақытта анасы бұл жағдайдан әлі хабарсыз. “Анашыма айтпай ауылға ұшырып жібергем ғой. Атырауға Құлсары жеткен соң хабар айтамыз деп шештік. Өзі әрең жүр еді”, – деп жазды ол.

   Нұрболат Қанай бұған дейін өзінен кейінгі  інісінен айырылғанын сұхбаттарының бірінде айтқан болатын. 

Шекарадағы 3 мыңнан астам телім жеке меншікке өтіп кеткен— сенатор Үкіметке сауал жолдады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу