«Иттер элиталық азық жеп жатыр ма?» Қызметтік иттердің азығына 3 млрд теңге жұмсалған
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Шекара қызметі қызметтік иттерге арналған құрғақ азыққа ҚҚС-сыз 3 миллиард теңге бөлген деп жазады Оinet.kz тілшісі.

Protenge Telegram-арнасының жазуынша әрқайсысы шамамен 1 млрд теңгеден тұратын үш мемлекеттік сатып алу жарияланған. Бірақ нақты қанша ит бар, қанша жем алынғаны және қаржы қаншалықты тиімді жұмсалғаны белгісіз.
- Шынын айтсақ, мұндай шығынға не дерімізді де білмей отырмыз: мақтану керек пе, таңдану керек пе, әлде алаңдайтын уақыт келді ме? Көрсетілген сомаға қарасақ, иттерді элиталық азықпен тамақтандыруы тиіс. Қызметін ескерсек түсінуге болады. Бірақ шекарашыларда нақты қанша ит бар және құрғақ азыққа 3 миллиард теңге жұмсау қаншалықты орынды?, — деп жазады Protenge.
Желі қолданушылары «Иттер элиталық азық жатыр ма, әлде бюджет тағы да бақылаусыз қалды ма?» деген пікірлер жазуда.


