54 келіге дейін арықтаған. Полковник Салтанат Әзірбек жұртты таңқалдырды

Oinet.kz 30-01-2026 78

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Салтанат Әзірбек тығыз жұмыс кестесіне қарамастан қалай салмақ тастағанын айтып берді, деп жазады Оinet.kz порталы.

image.png

BES.media-ға берген сұхбатында ол  54 келіге дейін арықтағанын мәлімдеді. Айтуынша, қатаң диетаға жүгінбеген. Негізгі ұстанымы – тәртіп пен тұрақты қозғалыс. Полковник күн сайын таңғы 3-те оянып, сағат 4-тен бастап екі сағат жаяу жүреді. Осы уақыт ішінде 12–13 мың қадам жасап, таңғы 7-де жұмысқа келеді.

«Бұл – өзіңмен жасалған келісім. Басқаша мүмкін емес», – дейді ол.

Тамақтануда да тәртіп қатаң: аз мөлшер, уақытылы ас және ақуызға бай тағам. Ұн мен тәттіден толық бас тартқан. Оның айтуынша, басты мәселе тамақта емес, қате әдеттерде. Той-жиындарда да ұнды тағамнан барынша шектелуге тырысады.

Салтанат Әзірбек физикалық форма тек сыртқы келбет емес, ерік-жігер мен ішкі тәртіптің көрінісі екенін атап өтті. Ол тіпті 1 қаңтар күні де таңғы серуенін қалдырмаған.

«Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді. Біз бұған қабілеттіміз», – дейді полиция полковнигі.


Өткен жылы Қазақстанда жол апатынан 2,3 мың адам қаза тапқан
Ақтөбеде мұғалім ҰБТ-ның әр балын 7 мың теңгеден сатқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу