Ернар Айдар жолдағы хайп үшін айыпты болды

Oinet.kz 02-02-2026 47

Әлеуметтік желідегі  видеосы үшін әнші Ернар Айдар полиция назарына ілікті. Таразда жол қозғалысы ережелерін ашық түрде бұзғаны үшін ол бірден үш әкімшілік бап бойынша жауапқа тартылды деп жазады Оinet.kz.

image.png

Тәртіпсіздік бейнеленген видео  әншінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған.

Полиция мәліметінше, бейнежазбада жүргізушінің жол қозғалысы талаптарын ашық әрі демонстративті түрде елемегені анық көрінеді. Құқық қорғау органдары бейнематериалды тексеріп, автокөлік иесін анықтады. Нәтижесінде ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің үш бірдей бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, көлік құралын тоқтату немесе қою қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 1-бөлігі қолданылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар жолды белгіленбеген жерден өткені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жаза қарастырылған.

Бұдан бөлек, жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын елемегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы негізінде 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделді.

Полиция жалпы айыппұл көлемін ресми түрде жарияламағанымен, қолданыстағы нормаларға сәйкес, салынған айыппұлдың жиынтық сомасы 43 250 теңгеге жетуі мүмкін.

image.png


«Тыныш, момын адам еді». Көршілері күйеуінің қолынан қаза тапқан әйел туралы айтты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу