Таразда баласын ұрып-соққан әйел қамауға алынды

Oinet.kz 02-02-2026 40

Әлеуметтік желілерде Тараз қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған ұлын соққыға жыққан сәті бейнеленген видео тарады. Кадрлардан әйелдің баланы ұрып, үлкен қызын да оған күш көрсетуге мәжбүрлегені анық көрінеді деп жазады Оinet.kz.

image.png

Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел бұл әрекеттерді бұрынғы күйеуінен кек алу мақсатында жасаған болуы мүмкін.

Полиция аталған дерек бойынша тексеру жұмыстарын бастап, жәбірленген балаға сот-медициналық сараптама тағайындады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оның айтуынша, балалар отбасынан алынып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы мекемеге орналастырылған.

Жамбыл облысының полиция департаментінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлімі бойынша тергеу басталды.Ведомство мәліметінше, әйел қажетті тергеу іс-әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілген.

"Оқиғаның толық, объективті және жан-жақты тергелуіне бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Сараптамалар мен тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сай процессуалдық шешім қабылданады", - делінген ПД хабарламасында.

Ернар Айдар жолдағы хайп үшін айыпты болды
Мектеп асханасында ішімдікке құмар, ата-ана құқығынан айырылған адам жұмыс істеп келген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу