Мектеп асханасында ішімдікке құмар, ата-ана құқығынан айырылған адам жұмыс істеп келген

Oinet.kz 02-02-2026 67

Ақмола облысының прокуратурасы Бурабай кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектепте оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру барысында өрескел заңбұзушылықтар анықтағанын мәлімдеді. Бұл туралы Oinet.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлады.

image.png

Тексеру барысында мектеп асханасына қызмет көрсету бойынша конкурста жеңіске жеткен жеткізуші өз біліктілігі туралы жалған мәлімет ұсынғаны белгілі болды. Атап айтқанда, ол құжаттарда іс жүзінде ұйымында жұмыс істемейтін адамдарды көрсеткен. Сонымен қатар жеткізуші қызметті өзі көрсетпей, заңды өкілеттігі жоқ үшінші тұлғаға тапсырған.

Прокуратура мәліметінше, асханада жұмысқа тартылған кейбір адамдар спирттік ішімдіктерді шамадан тыс қолданған және бұрын ата-ана құқығынан айырылған. Бұл жағдай балалардың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірген.

Сонымен бірге мектеп әкімшілігі жеткізушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексермей, оны жұмысқа жіберген. Бұл әрекет заңбұзушылық деп танылды.

Прокуратураның ұсынысы негізінде жеткізушімен жасалған келісімшарт бұзылып, сотқа оны мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арыз жолданды.

Аталған жағдайға байланысты мектеп директоры қызметінен босатылды. Ал конкурстық комиссия мүшелері мен аудандық білім бөлімі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Таразда баласын ұрып-соққан әйел қамауға алынды
2026 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан халқының саны белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу