Фотограф кінәлі. Қар барысын көру үшін адамдар тауға ағылуда

Oinet.kz 02-02-2026 70

2026 жылдың қаңтар айының соңында Алматы маңындағы таулы аймақта сирек кездесетін қар барысы байқалды. Бұл ерекше жағдай қала тұрғындары мен туристердің тауға жаппай ағылуына себеп болды. Қар барысын көрушілердің көбеюі  жабайы аңға да, адамға да үлкен қауіп төндіруде деп жазады Оinet.kz.

 image.png

Бұл туралы Зоология институты ғылым комитетінің териология зертханасының меңгерушісі Алексей Грачев мәлімдеді. Оның айтуынша, адамдар тауда, жабайы табиғатта өзін қалай ұстауды, қорғануды білмейді, қарапайым ережелерді сақтамайды дейді. 

Маманның сөзінше, қар барысын көру үшін тауға шыққан адамдар оның тіршілігіне айтарлықтай зиян келтіріп, өздерін де қатерге тігіп отыр. "Қар барысы – ірі жыртқыш, ол өз олжасын қорғайды және қауіп төнген жағдайда адамға шабуыл жасауы мүмкін. Мұндай жағдайда жыртқыш емес адам кінәлі болады",- дейді ол.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде жағдайға себепкер ретінде белгілі алматылық фотограф Дмитрий Доценконың аты атала бастады. Ол қар барысын жақыннан түсірген фото және видеоларды жариялаған. Видеода алдында олжасы бар барысты көруге болады.   

Желі қолданушыларының пікірінше, дәл осы жарияланымдар тауға дайындықсыз әрі жауапсыз адамдардың көптеп келуіне түрткі болған. Ал бұл әрекеттер Қызыл кітапқа енген сирек жануардың қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірген.

2026 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан халқының саны белгілі болды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу