Екі жыл бұрын бауырын ауыстырған. Қайырымдылық қор қызметкері әкесінен таяқ жеген қыз туралы айтты

Oinet.kz 03-02-2026 69

Талдықорған қаласында үш жасар қызды әкесінің аяусыз ұрып-соққан оқиғасынан кейін  "Солнце на ладошке" қайырымдылық қорының қызметкері Екатерина Доброва тың ақпараттармен бөлісті, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Қыз екі жыл бұрын бауыр циррозымен ауырған және оған шұғыл бауыр трансплантациясы қажет болған. Сол кезде Доброва мен қордың мейірімді қолдаушылары қаражат жинап, қыздың өмірін сақтауға атсалысқан.

«Әлем қызыңды сен оны қайта өлтіру үшін цирроздан аман алып қалған жоқ» – деп жазды Доброва Instagram парақшасында.

Қыздың жағдайын волонтерлер емдеуші дәрігерден біліп, отбасыға хабарласқан. Алайда, қор қызметкерінің айтуынша, әкесі қызды емдеуге рұқсат бермеген және оған кедергі жасаған. Доброва ер адамға "қызды қиын жағдайда қалдырғандарың үшін әйелің екеуің қамаласыздар" деген сөзінен кейін ғана  қыз бен анасының Түркияға шығуына рұқсат берген.

«Қыз өте ауыр жағдайда болды, цирроздан басқа да мәселелері бар еді. Оған ешкім қарамаған, барлық мүшелері зақымданған. Анасының көзінен бәрін түсіндім.  "Ол сені ұрады ма?" – деп сұрағанда, ол "Иә" деп жауап берді. Анасы депрессияда болды», – деп жазды Доброва.

Оның айтуынша операция сәтті өткен, медициналық персонал қызға ерекше қамқорлық көрсеткен. Киім-кешек алынып, жағдайы ретке келтірілген. Анасы болашақта күйеуіне оралмайтынына уәде берген. Дегенмен, әкесінің қоңыраулар арқылы қорқытып-үркітетіні жалғасқан.

Қыздың анасы Түркиядан оралған соң өзінің анасы қайтыс болған, сол себепті әйел қайтадан күйеуіне оралған деп болжайды  Доброва. Қор қызметкері оқиғаның шынайы мән-жайын жариялап, көпшілікке қызды қорғауға көмектесуді сұрады.

Еске сала кетейік, 2 ақпанда Талдықорған қаласының облыстық балалар ауруханасына үш жасар қыз ауыр жағдайда жеткізілген. Анасының айтуынша, оны әкесі, сол кезде мас күйде, ұрған. Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні ұстаған.

Жетісуда ер адам 3 жасар қызы мен әйелін аяусыз соққыға жыққан
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу