Қазақстанда бір басында 1 015 пәтері бар адам бар
1 267 қазақстандықтың әрқайсысында оннан астам пәтер бар. Бұл туралы Оinet.kz TengriHOME-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше 2026 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша елімізде 172 236 адамның екіден көп, ал 11 072 адамның бестен артық пәтері бар болып шықты.
«1 267 адамның 10-нан астам пәтері, 281 адамның 20-дан астам пәтері және 74 адамның 50-ден астам пәтері бар. Бір адамға тіркелген ең көп пәтер саны – 1 015», – дейді корпорация өкілдері. Ел бойынша барлығы 3 470 289 пәтер бар
Айта кетейік, өткен аптада Ұлттық статистика бюросы 2025 жылы Қазақстандағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 447,3 миллион шаршы метр болатынын хабарлады. Бюро мәліметі бойынша, тұрғын үймен қамтамасыз етілу көрсеткіші адам басына 25,1 шаршы метрді құрады (оның 27,4 шаршы метрі қалалық жерде және 21,3 шаршы метрі ауылдық жерде).


