Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің әйелі көршілерін соққыға жыққан

Oinet.kz 05-03-2026

Қарағанды тұрғындары бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің жұбайынан таяқ жегенін айтып, полицияға арызданды. Қылмыстық іс те қозғалған. Бұл туралы ktk.kz хабарлады.

image.png

Арызданушылардың бірі, Әсел Жабықбаева, өзінің және анасының соққыға жығылғанын айтып берді:

— Бізге «атамды ренжіттіңдер» деп шүйлікті. Бірден ішімнен екі рет тепті де, шашымнан сүйрей бастады. Содан кейін атасы шығып, анамды басынан ұрды. Біз арыз жазып отырғанда, оның бокстан олимпиада чемпионының жұбайы екенін естідік, — деді ол.

Әсел мен оның анасы жарақат алғанын растайтын анықтама алған. Арызданушылардың айтуынша, олар бұрын көршілерімен ешқашан қақтығысқа түспеген, ұрысқан емес. Қазір пәтерден шығуға қорқып отырған көрінеді.

Полиция спортшының атақ-даңқына қарамастан тергеу әділ жүріп жатқанын хабарлады. Ал боксшының жұбайы жаға жыртысқанын жоққа шығармайды, бірақ өзінің де соққы алғанын айтады. Ұрыс арызданушы тараптың келіншектің атасын балағаттаудан басталған, сондықтан қарсы арыз да жазылған.

— Бұл жай тұрмыстық кикілжің болды. Біз құрдаспыз. Менің ойымша, олар Даниярдың есімін пайдаланып, хайп жинамақ болды. Мен төбелесу үшін барған жоқпын. Алғашында сөзден сөз шығып, ұстастық. Менің атам 80-де, ондай кісіні балағаттауға менің ұятым жібермес еді, — деді Саида Елеусінова.

30 рет пышақтаған: Талғарда күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел қамауға алынды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу