Абай облысында сарбаз көз жұмды
Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларының бұзылуынан әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Оinet.kz.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі оқиғаны растады.
Мәліметке сәйкес, 5 наурыз күні әскери техниканы пайдалану барысында қауіпсіздік ережелері сақталмай, келісімшарт негізінде қызмет атқарған әскери қызметкер ауыр жарақат алған. Алған жарақатынан соң сарбаз көз жұмған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін уәкілетті органдардың өкілдері жұмыс істеуде.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Жерүсті әскерлерінің басшылығы мен жеке құрамы қаза болған әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оларға қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.


