Референдумға «тіркеу» туралы қоңыраулар – алаяқтардың ісі
Елімізде алаяқтар референдум тақырыбын пайдаланып, жаңа айлаға көшті. Олар азаматтарға қоңырау шалып, «бюллетеньді тіркеу» үшін SMS-код айтуын талап етуде, деп хабарлайды Оinet.kz.

Сонымен қатар мессенджерлерде «онлайн дауыс беруге қатысушыларды тіркеу жүріп жатыр» деген мазмұндағы жалған хабарламалар таралуда.
Алайда Жалған ақпаратпен күрес орталығы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, референдум кезінде ешқандай телефон арқылы тіркеу, онлайн тіркелу немесе SMS-код сұрау қарастырылмаған.
Дауыс беру тек сайлау учаскелерінде қағаз бюллетень арқылы өтеді. Мамандар азаматтарды белгісіз адамдарға жеке деректерін бермеуге және тек ресми сайлау комиссияларының ақпараттарына сенуге шақырды.


