БҚО-да жеке үйдегі еден астынан 16 жылан шықты
7 наурыз күні Ақжайық ауылы тұрғындарының бірі күтпеген жағдайға тап болды — жеке үйдің еденінің астынан жыландар шыға бастаған. Бұл туралы Оinet.kz Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар келгенге дейін үй иесі еден астынан өз күшімен 16 жыланды алып шыққан. Үйде барлығы алты адам тұрған, оның төртеуі – балалар.
Алайда үй тұрғыны құтқарушыларға еденді толық ашуға рұқсат бермеген.
Жергілікті атқарушы органдар отбасыға уақытша баспана берді.


