Түркістан облысында кәсіпкер 20 млн теңге субсидияны заңсыз алған

Oinet.kz 13-03-2026

Түркістан облысы Арыс ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіп саласындағы тексеру барысында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісін анықтады. 

image.png

 Тексеру нәтижесіне сәйкес, «Ы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы 2021 жылдың сәуірінде ақпараттық жүйеге кооператив атына 2470 бас аналық ірі қара мен 120 бас асыл тұқымды бұқаны жалға алғаны туралы жалған мәлімет енгізген. Осы деректер негізінде кооператив шотына мемлекеттен 24,7 млн теңге субсидия аударылған.  

Алайда нақтысында селекциялық жұмыстар тек 18 бас асыл тұқымды бұқа мен 450 бас аналық ірі қараға ғана жүргізілген. Соның салдарынан заңсыз алынған субсидия көлемі 20,2 млн теңгені құраған.  

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2) тармағы (аса ірі мөлшерде алаяқтық) бойынша іс қозғалды.  Соттың 2026 жылғы 20 ақпандағы үкімімен кооператив төрайымы кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сондай-ақ оған 5 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.  Заңсыз алынған қаражат толық көлемде мемлекет кірісіне қайтарылды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Павлодарда әкесінен қорлық көрген 8 жастағы қыз өзін балалар үйіне орналастыруды сұраған
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу