Ормуз бұғазының жабылуынан кейін байып кеткен миллиардер анықталды

Oinet.kz 16-03-2026

Оңтүстіккореялық миллиардер Га-Хён Чонг Ормуз бұғазының жабылуынан күтпеген пайда көріп отыр. Теңіз тасымалы нарығын дағдарысқа ұшыратқан бұл жағдай оның табысын күрт арттырған. 

image.png

Bloomberg агенттігі салалық дереккөздеріне сүйеніп, Sinokor компаниясының басшысы Таяу Шығыста соғыс басталардан бірнеше апта бұрын алты ірі мұнай супертанкерін сатып алып, оларды Парсы шығанағына бағыттағанын жазады.

Аймақта мұнай сақтайтын қоймалар тез толып кеткеннен кейін, Чонгтың компаниясы танкерлерін шикізатты уақытша сақтау үшін жалға бере бастаған. Сарапшылардың айтуынша, мұндай қызметтің құны тәулігіне шамамен 500 мың долларға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен он есе қымбат.

Bloomberg дерегінше, кореялық кәсіпкердің әлемдік танкер флотындағы ірі үлесті сатып алуы бастапқыда нарықты таңғалдырған. Алайда қазіргі мұнай дағдарысы жағдайында ол негізгі бенефициарлардың біріне айналуы мүмкін. Ақпан айының соңына қарай Sinokor шамамен 150 супертанкерді бақылауына алған.

Ормуз бұғазы – Парсы шығанағынан әлемдік нарыққа мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізілетін негізгі теңіз жолдарының бірі. Әлемдік мұнай, мұнай өнімдерінің шамамен 20 пайызы осы бұғаз арқылы өтеді.

12 наурыз күні Иранның жаңа жоғарғы басшысы Моджтаба Хаменеи Ормуз бұғазы жабық күйінде қалуы тиіс екенін мәлімдеп, Тегеран оны АҚШ пен Израильмен қақтығыста қысым тетігі ретінде пайдаланатынын айтқан.

Түркістан облысында кәсіпкер 20 млн теңге субсидияны заңсыз алған
Ақтауда кішкентай бала көшенің қақ ортасында жүгіріп жүрген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу