Қазақстан ТМД елдері ішінде ең бақытты мемлекет деп танылды
Қазақстан 2025 жылы World Happiness Report 2026 рейтингінде 10 сатыға көтеріліп, 147 елдің ішінде 33-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Оinet.kz.

Бұл көрсеткіш еліміздің ТМД елдері арасында ғана емес, көптеген еуропалық мемлекеттерді де артқа қалдырды. Рейтингте Қазақстан Франция, Испания, Италия, Мальта, Латвия, Эстония, Черногория, Босния мен Герцеговина және Хорватиядан жоғары тұр.
World Happiness Report 2026 зерттеуі БҰҰ қолдауымен әзірленіп, оны UN SDSN ғылыми-эксперттік платформасы Оксфордтың әл-ауқат зерттеу орталығымен және Gallup World Poll ұйымымен бірлесіп өткізеді. Зерттеу халықтың өмір сапасы мен әл-ауқатын бағалап, әр елдің бақыт деңгейін 0-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша көрсетеді.
Рейтингтің негізінде бірнеше фактор бағаланады: жан басына шаққандағы ЖІӨ, салауатты өмір ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, таңдау еркіндігі, щедрость, волонтерлік, өзара көмек және жемқорлық деңгейі.
ТМД елдері ішінде Қазақстан ең бақытты мемлекет болып, 6,633 баллмен көш бастап тұр. Ең жоғары бағалар елімізге «салауатты өмір ұзақтығы», «волонтерлік» және «өзара көмек» критерийлерінде берілді.
Екінші орында – Өзбекстан (53-орын), ал үшінші – Қырғызстан (66-орын). Ресей (79-орын), Тәжікстан (88-орын), Армения (89-орын) және Әзірбайжан (102-орын) рейтингте төмен көрсеткіштерге ие болды.
Әлемдегі ең бақытты және ең кем бақытты елдер
Дәстүрлі түрде ең бақытты елдер қатарында скандинавия мемлекеттері бар. Финляндия рейтингтің көшбасшысы (7,764 балл), екінші орында – Исландия (7,540), үшінші – Дания (7,539). Топ-10 құрамына Коста-Рика, Швеция, Норвегия, Нидерланды, Израиль, Люксембург және Швейцария да енген.
Ең төмен бақыт деңгейі көрсетілген елдер қатарында Ауғанстан (1,446 балл), Сьерра-Леоне (3,251) және Малави (3,284) бар.


