Танымал блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Oinet.kz 24-03-2026

Қаржылық мониторинг агенттігі andersonchik1 лақап атымен танымал блогер, Қазақстан Республикасының азаматы танымал Ювашев Ильяр Салаватовичке іздеу жариялады.  

image.png

ҚР қаржылық монитринг агенттігінің хабарлауынша, ол еліміздің аумағында лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінді.

Тергеу деректеріне сәйкес, И.С. Ювашев 2024–2025 жылдары интернет-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан, оның ішінде mellstroy.gamе ресурсы да бар.

Қаржы ағындарын заңдастыру және операцияларды жасыру мақсатында 22 жалған заңды тұлға тіркеліп, POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Осы арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат түскен.

-Іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір мәлімет белгілі болған жағдайда, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарлауларыңызды сұраймыз,-делінген хабарламада.

Қазақстан ТМД елдері ішінде ең бақытты мемлекет деп танылды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу